Маңғыстау облысында 80-нен астам адам қаржы пирамидасының құрбаны болды

10.07.2025 15:40

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алынды

Маңғыстауда 80-нен астам адамды сан соқтырған қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ұйым дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды сатумен айналысатын желілік маркетинг ретінде көрініп, шын мәнінде әр салымшыдан 50 АҚШ долларынан алып отырған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қылмыстық жолмен келген кірістер криптовалюта арқылы заңдастырылыпты.

«Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа ол Ақтау қаласынан екі пәтер мен Lexus автокөлігін сатып алған. Жылжымайтын мүліктің жалпы құны – 43 млн теңге. Соттың санкциясымен 132 млн теңге көлеміндегі оның есепшоттары мен мүлкіне тыйым салынды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алынды. Іс сотқа жолданды», - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Жылына 35 мың литрге дейін үнем: министрлік тұрмыста суды үнемдеу бойынша ұсыныс әзірледі