Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады
Маңғыстау облысында Бейнеу – Шетпе – Ақтау тасжолында екі көлік жылқымен соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, оқиғаны өңірлік Полиция департаменті растаған. Ведомство өкілдері 26 қазанда таңғы сағат 7:30-да кезекші бөлімге жол апаты туралы хабар түскенін айтты.
"Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі жылқыны қағып кеткені анықталды. Оның артынан келе жатқан Nissan Teana көлігі де инерциямен сол жануарға соғылған", – делінген хабарламада.
Mercedes-Benz көлігіндегі екі жолаушы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғаны нақтыланды.
Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.
Оқи отырыңыз: 9 мыңдай адамға бизнес бастау үшін грант берілді