Маңғыстау облысында жеңіл көлік жылқымен соқтығысып, екі адам қаза тапты

28.10.2025 12:30

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады

Depositphotos

Маңғыстау облысында Бейнеу – Шетпе – Ақтау тасжолында екі көлік жылқымен соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, оқиғаны өңірлік Полиция департаменті растаған. Ведомство өкілдері 26 қазанда таңғы сағат 7:30-да кезекші бөлімге жол апаты туралы хабар түскенін айтты.

"Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі жылқыны қағып кеткені анықталды. Оның артынан келе жатқан Nissan Teana көлігі де инерциямен сол жануарға соғылған", – делінген хабарламада.

Mercedes-Benz көлігіндегі екі жолаушы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғаны нақтыланды.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

Оқи отырыңыз: 9 мыңдай адамға бизнес бастау үшін грант берілді