Маңғыстау облысында бекіре тұқымдас балықтардың жаппай қырылу себебі анықталып жатыр

Соңғы 2 тәулік ішінде жағалаудан 173 бекіре тұқымдастың өлексесі табылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысындағы бекіре тұқымдас балықтардың жаппай қырылу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Соңғы 2 тәулік ішінде жағалаудан 173 бекіре тұқымдастың өлексесі табылған. Мамандардың мәліметінше, өлекселер бір жерге шоғырланбаған. Олар жағалаудың 15 шақырымына шашылған. Басым бөлігі күн астында ұзақ уақыт жатып, әбден кеуіп кеткен. Алдын ала тексеру барысында браконьерлердің іздері анықталмаған. Қазір балықтардың жаппай қырылуына не себеп болғаны зерттеліп жатыр.

«Комиссия құрамы құрылды. Каспий теңізінің суынан және балық өлекселерінің денелерінен жұмсақ жерінен сынама алынып, зерделеуге жіберілді. Қазіргі таңда басқарманың мемлекеттік инспекторлары мониторинг жұмыстарын жалғастыруда», – деді облыстық Балық инспекциясы басқармасының бас маманы Гүлмира Өтетілеуова.

Оқи отырыңыз: Қытайға Қытайға 620 ақбөкен мүйізін заңсыз әкетпек болғандар ұсталды - ҰҚК