Маңғыстауда аман қалған әскери қызметші ем қабылдап жатыр

25.09.2026 14:17

Сарбаздың әкесі Тимур Қыдырниязов ұлының қасында отырғанын жеткізді

Almaty.tv

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы жағдайдан аман қалған әскери қызметшілердің бірі ауруханада ем-дом қабылдап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сарбаз есін жиып,  палатаға ауыстырылған. Қазір оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, 24 қыркүйекте орын алған төтенше жағдайдан кейін зардап шеккен әскери қызметші дереу облыстық ауруханаға жеткізіліп, барлық қажетті медициналық тексеруден өткізілген. Қазір ол дәрігерлердің жіті бақылауында терапия бөлімшесінде жатыр.

Сарбаздың әкесі Тимур Қыдырниязов ұлының қасында отырғанын жеткізді.

«Баламның жағдайын көрдім, шүкір. Естігенде қобалжыдық, уайымдадық. Реанимацияда болды дегесін адам қорқады ғой. Құдайға шүкір, жағдайы жақсы, бүгін палатаға ауыстырды. Аман-сау, қасында болдым, отырдым, әңгімелестім. Әйтеуір, құдайдың салғанынан аман қалған шығар, көрейін деп тұрған жарығы бар екен», – дейді әкесі.

Дәрігерлер әскери қызметшінің денсаулығын тұрақты түрде бақылап, толықтай медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда.

Оқи отырыңыз: Алматыда полиция профилактикалық жұмысты күшейтуде

Толық көрсету