Сонымен қатар заңсыз айналымнан аса ірі көлемде есірткі заттары алынған
Маңғыстау облысының прокуратурасы әшкерелеген ірі есірткі желісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомствоның баспасөз қызмеоінен хабарлағандай, 2025 жылдың қыркүйегінде облыс прокуратурасының арнайы прокурорлары «Dune Operator» деп аталатын интернет-дүкен арқылы есірткі таратумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатып, істі сотқа жолдаған.
Жедел-тергеу шаралары барысында Жамбыл және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында 4 күдікті ұсталды. Тергеу кезінде олардың қылмыстық жолмен тапқан 2 млрд теңгеден астам қаражаты тәркіленіп, құны 100 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды.
Сонымен қатар заңсыз айналымнан аса ірі көлемде есірткі заттары алынған.
Істі қарау нәтижесінде 2026 жылғы 19 ақпан мен 20 наурызда сот үкімдері шығарылды. Сотталушылар трансұлттық қылмыстық топ құрамында есірткі сату, оны аса ірі мөлшерде сақтау, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық табысты заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танылды.
Оларға 16 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ 2 млрд теңгеден астам қаражат мемлекет кірісіне тәркіленіп, сотталғандарға тиесілі люкс санатындағы автокөліктер де алынған.
Сот үкімдері әлі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз: Цифрлық трансформация: ЖИ ұлттық платформасының мүмкіндіктері таныстырылды