Мансап компасы: мектеп оқушыларына мамандық таңдауға мүмкіндік беретін платформа енгізілді

Almaty.tv
Almaty.tv

Платформада қазірдің өзінде сұранысқа ие 744 мамандық туралы ақпарат жинақталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еңбек министрлігі кадрлар қажеттілігін талдауға және болжауға, сондай-ақ іске асырылып жатқан барлық жобалардың тиімділігін бақылауға мүмкіндік беретін «Инновациялық жобалар навигаторы» платформасын құрды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгінгі таңда жүйе 2030 жылға қарай 222,4 мың жұмыс орнын құру жоспарымен 1 415 инвестициялық жобаны бақылайды. Оның ішінде 1 141 жоба жүзеге асырылуда, 274 жоба аяқталды, 33 мың жұмыс орны ашылды», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов.

Мектеп оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік беретін «Мансап компасы» платформасы енгізілді. Платформада қазірдің өзінде сұранысқа ие 744 мамандық туралы ақпарат жинақталған.

Skills Enbek онлайн платформасы мамандардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған. Қазіргі уақытта платформа 1 301 курсты ұсынады, оның ішінде 340-ы тегін. 811 мыңнан астам қолданушы тіркелген.

Enbek.kz порталы студенттер, білім орындары және жұмыс берушілер арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз ететін студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыру функционалдығын жүзеге асырады.

«Еңбек нарығының одан әрі дамуын қамтамасыз ету үшін сапалы жұмыс орындарының санын арттыру, сұраныс пен ұсынысты тиімді болжау, экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету қажет. Министрлік Мемлекет басшысы мен Үкімет тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты толықтай жүзеге асыратын болады», – деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Оқи отырыңыз: Еңбек шартын онлайн рәсімдеуге болады

Новости партнеров