Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект арқылы өлген адамдардың бейнесін «қайта тірілтіп», видео жасауға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дипностальгия – нейрожелілік алгоритмдер негізінде статикалық портреттерді анимациялау технологиясы. Бұл технологияны көбінесе марқұмдардың бейнесін жандандыру мақсатында қолданады.
Бұл мәселенің үкіміне қатысты қазіргі ғалымдардың арасында бірнеше көзқарас бар:
Алғашқы топ дипностальгия (Deep Nostalgia) технологиясын қолдануға болмайтыны айтады.
Олардың негізгі дәлелдері төмендегідей:
Ал екіншгі топтың пайымынша дипностальгия технологиясын қолдануға болады.
Олар «әрбір нәрсенің негізі рұқсат» деген қағидаға сүйеніп, төмендегі шарттарға сай қолдануға рұқсат етеді:
ҚМДБ өкілерінің айтуынша, психолог мамандарының айтуынша, дипностальгия технологиясы бастапқыда жұбаныш сезімін берсе де, уақыт өте келе эмоционалдық және психологиялық күйзеліс туғызуы мүмкін. Бұл адамды депрессияға, ұйқының бұзылуына, психологиялық тәуелділік және қоғамнан оқшаулану секілді кері әсерлерге алып келуі ықтимал.
"Дипностальгия (Deep Nostalgia) технологиясын қолдану барысында алдамшылық, марқұмды кемсіту, туыстарының қайғысын күшейту секілді жағдаяттар орын алса, оны қолдануға тыйым салынады.
Қажеттілік жағдайда дипностальгияны жоғарыдағы шарттар негізінде қолдануға рұқсат", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Биыл Рамазан айы қашан басталатыны белгілі болды