MASS ALERT: ТЖМ шұғыл хабарлау жүйесін қауіпті аймақтарға таратады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару ісіне жасанды интеллектіні енгізуді қолға алды. Бұл туралы вице-министр Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, бүгінде цифрлық технологиялар қауіп-қатердің алдын алу және апатты жағдайлардың салдарын жоюда негізгі құралға айналып отыр. Мәселен, цифрландырудың нәтижесінде биыл су басқан елдімекендер саны 95 пайызға азайған. Одан бөлек, министрлік табиғи және техногендік қауіптерге жасанды интеллект арқылы болжам жасау, дрондармен мониторинг жүргізуді дамытып жатыр.

«Геоақпараттық және спутниктік жүйелер белсенді енгізіліп жатыр. Табиғи қауіптерді талдауға жасанды интеллектіні пайдаланып, қауіпті аймақтардың цифрлық карталарын әзірлеп жатырмыз. Алматыда ықтимал жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар туралы халықты ескертетін «MASS ALERT» шұғыл хабарлау жүйесі жұмыс істейді. Бұл жоба барлық жерсілкінісі қауіпі бар аймақтарға таратылатын болады», – деді ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі ТЖД мамандандырылған жасағының жұмысымен танысты

Новости партнеров