Ауқымды іздестіру шарасы: Қарағанды облысында бала жоғалып кетті

04.10.2024 10:51

Іздеу жұмыстары төрт сағаттан астам уақытқа созылды

instagram.com/policeofkaraganda

Бұқар жырау ауданында бес жасар бала төрт сағаттық іздестіруден кейін табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 3 қазан Петровка ауылында, кешкі сағат 20:00-де орын алды. Анасының айтуы бойынша бала аулада ойнап жүріп кенеттен жоғалып кеткен.
Іздеуге полиция қызметкерлері, ТЖ қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар, жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері мен кинологтар тартылды. Жалпы 400-ден астам адам қатысты.
Іздеу жұмыстары төрт сағаттан астам уақытқа созылды. Түн ортасында баланы Петровка ауылынан бір шақырымнан астам жерден тапқан.
Бала аман-есен.