Тіркелген автопарк құрылымында ең жоғары үлесті жеңіл автомобильдер құрайды
2026 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасында 167 878 автокөлік есепке қойылды. Бұл ағымдағы жылдың мамыр айындағы көрсеткішпен (147 668 бірлік) салыстырғанда 13,7% жоғары, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ұлттық статистика бюросынан хабарлағандай, есепке қойылған автокөліктердің жалпы санының 87,4% жеңіл автомобильдер, 5,7% жүк автомобильдері, 2,4% тіркемелер, 1% мотоциклдер, 0,9% автобустар және 2,6% өзге де автокөлік құралдары құрады.
Маусым айында есепке қойылған көліктердің қозғалтқыш көлемі бойынша 34,5% 1500–2000 см³ аралығына тиесілі.
Пайдаланылатын отын түрлері бойынша:
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 6 025,9 мың автокөлік тіркелген.
Тіркелген автопарк құрылымында ең жоғары үлесті жеңіл автомобильдер құрайды – 5 053,7 мың бірлік (жалпы санының 83,9%).
Одан кейін жүк автомобильдері – 493,7 мың бірлік (8,2%), тіркемелер – 262,3 мың бірлік (4,4%), автобустар – 89,5 мың бірлік (1,5%), мотоциклдер – 74,2 мың бірлік (1,2%) және өзге де көлік құралдары – 52,6 мың бірлік (0,9%).
Автокөлік паркінің ең көп бөлігі Алматы қаласында (733,3 мың бірлік) және Алматы облысында (646,3 мың бірлік) тіркелген.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылар физикадан тарихи жетістікке жетті