Медицинадағы былық: Маңғыстау облысында 600 миллион теңгеден аса қаржы жымқырылған

10.02.2026 20:08

Анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Маңғыстау облысының бірнеше денсаулық сақтау ұйымында қазынадан бөлінген қаражат жүйелі түрде жымқырылып келген, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Облыстық прокуратура мұндай бармақ басты, көз қыстылықты 6 ай бойы тексеріс жүргізіп анықтаған. Соның ішінде бір медициналық мекемеде жемқорлар бюджеттен бөлінген 600 миллион теңгеден аса қаржыны заңсыз иемденген. Олар өңір тұрғындарының ем-домына жұмсалуы тиіс ақшалар мен банк реквизиттерін әдейі өзгерту арқылы аффилирленген шоттарға аударған. Қылмыстық схеманың денсаулық сақтау жүйесіне қаншалықты терең енгенін және оған кімдердің жауапты екенін прокурорлар тексеріп жатыр. Анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Бұл ретте емхананың жауапты қызметкерлері алушылардың, яғни бенефициарлардың банк реквизиттерін өзгерту арқылы бюджет қаражатын заңсыз жымқырып, оны аффилирленген шоттарға аударып келген. Сонымен қатар көрсетілмеген медициналық қызметтер үшін, сондай-ақ жеткізілмеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға төлемдер жүргізілген», – деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Рысбек Нұрлан.

Оқи отырыңыз: Шымкенттік әйел баласын еміземін деп өлтіріп ала жаздады