Мейрам күндері елімізде 21 мыңнан астам полицей ел тыныштығын күзетеді

22.03.2025 11:21

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген

Мейрам күндері елімізде 21 мыңнан астам полицей ел тыныштығын күзетеді
polisia.kz

Мереке күндері ел бойынша 21 мыңнан астам полиция қызметкері мен ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекшілікте болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Наурыз мейрамында мерекелік концерттер мен бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Осыған байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.

«Патрульдеу күшейтіліп, тәулік бойы бейнебақылау жүргізілуде. Тәртіп сақшыларының арқасында қазақстандық азаматтар мерекелік атмосфераны алаңсыз сезіне алады», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Nauryz Almaty Vibe: роботтар мерекенің жұлдызына айналды