Бақылаушы органдар асхананы ғана емес, медициналық пункт пен спортзалды да тексеруге құқылы
Мектеп асханалары алдын ала ескертусіз тексеріледі. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың сөзінше, кезектен тыс бақылау оқушылар ішіп жүрген астың сапасын жақсарту үшін қолға алынып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінде мектеп асханасы төңірегінде дау азаймай тұрғаны белгілі. Бақылаушы органдар асхананы ғана емес, медициналық пункт пен спортзалды да тексеруге құқылы.
Айта кетейік, бүгін Сенатта «мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
«Ескертумен шыққан кезде жаңағы субъект дайындалып, жағдайын дұрыстап үлгеретін Біз өзгерістерді енгізуге келісіп отырмыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов.
Оқи отырыңыз: Каспий итбалығының қырылуына не себеп болуы мүмкін