Мектеп түлектерінің емтихан тапсыратын және аттестат алатын мерзімі анықталды

10.05.2025 17:01

Оқушылар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтиханнан тапсырады

Аlmaty.tv

2024–2025 оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі, сондай-ақ қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен бекітілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2025 жылғы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтиханнан тапсырады.

«11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2025 жылғы 30 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша түрде өткізіледі», - делінген хабарламада.

Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2025 жылғы 18-20 маусым аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз: Азаматтарды аттестациялау процесін автоматтандырудың жаңа мүмкіндігі пайда болды