Сапар аясында астықты өңірлер әкімдерінің қатысуымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізу жоспарланған
Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Президент өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көреді. Сапар аясында астықты өңірлер әкімдерінің қатысуымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізу жоспарланған", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматы маңындағы Фурманов шыңында аңызға айналған әткеншек қайта ашылды