Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

04.07.2025 16:40

 Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Ақорда

Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. "Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризамын. Мемлекет руханият саласын барынша дамыта береді. Дәстүрлі өнердің дүлдүлдері Қайрат Байбосынов "Қазақстанның Еңбек Ері", Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова "Қазақстанның халық әртісі" атағына ие болды. Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.

Оқи отырыңыз: Алматыда қоқыс шығартын компанияға 50 жаңа техника берілді