Мемлекет басшысы Филиппин президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

05.11.2025 21:49

Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Ақорда

Мемлекет басшысы Филиппин президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Калмаэги» тайфунының салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Филиппин Президенті Фердинанд Маркосқа көңіл айтты.

Мемлекет басшысы қайтыс болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Оқи отырыңыз: Astana Media Week 2025: жасанды интеллект медиа саласына қалай әсер етеді