Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

06.06.2025 09:09

Ол халқымыздың берекелі бірлігі осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түсетінін айтты

Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ардақты ағайын! Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Барша мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын бұл мейрам – имандылық пен ізгіліктің символы. Айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету – ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Асыл дініміз азаматтарды бір-бірін құрметтеуге, жақындарына жанашыр болуға үндейді. Бауырластық пен сыйластықты дәріптейді", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол халқымыздың берекелі бірлігі осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түсетінін айтты.

"Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез-келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз. Құрбан айт кезінде айтылар дұға-тілектер қабыл болсын! Әр шаңыраққа құт-береке қонсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!", - деді Президент құттықтауында.

Оқи отырыңыз: Құрбан айт: Алматыда мал сойып-таратуға арнайы 12 мешіт белгіленді