Мемлекет басшысы опера әншісі Әйгерім Алтынбекті құттықтады
Ақорда
Қазақстан әлемдік опера сахнасын бағындырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып, жеңімпаз атанған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін!" — деп жазды Президент.
Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек XI Халықаралық CLIP 2025 опера байқауында жеңіске жеткенін еске салайық.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36