Президент «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

11.10.2025 12:11

Қасым-Жомарт Тоқаев Ботаникалық саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш екті

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv,

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Президент Астана қаласындағы Ботаникалық саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш екті", - делінген хабарламада.

Жалпыұлттық іс-шара аясында биыл республика аумағында 2,4 миллионға жуық көшет отырғызылған.

Оқи отырыңыз: Күзде иммунитетті қалай күшейтуге болады