Мемлекет басшысы Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты
Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиге елдің солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді», - делінген хабарламада.
Еске салайық, 22 сәуірде Пахалгамда (Оңтүстік Кашмир) содырлардың шабуылынан 20-дан астам турист қаза тауып, 10-ы жараланған болатын.
Оқи отырыңыз: Үндістандағы атыста қаза тапқандар саны 26-ға жетті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
13.09.2026 09:08
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
13.09.2026 16:35
Жас көрінудің қарапайым құпиялары қандай
13.09.2026 14:15
Онлайн-ойындар бала мінезіне қалай әсер етуі мүмкін
13.09.2026 10:57
Тепе-теңдікті сақтаңыз: 13 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал
13.09.2026 10:36