Мемлекет басшысының кеңесшісі әскери институттың оқу-материалдарымен танысты

18.04.2025 20:43

Жиында сөз алған ол, алдымен, ел Президентінің сәлемін жеткізді

«Ел ішіндегі бірлік пен тұрақтылықты сақтауда әскери құрылымдардың атқарып отырған қызметі маңызды». Алматыдағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтында сала қызметкерлерімен жүздескен Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев осылай деді. Жиында сөз алған ол, алдымен, ел Президентінің сәлемін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәлік Нұржанұлы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда айтылған маңызды мәселелерге де тоқталып, жас курсанттарға «Заң мен тәртіп» – дамудың һәм әділеттіліктің кепілі дегенді жеткізді. Сондай-ақ ұлт ұлыларын ұлықтаудың қаншалықты маңызды екенін сөз етті. Жиын соңында институт шәкірттері қызықтырған сұрақтарына жауап алып, жылы лебізін білдірді.

 «Іс-шара аясында Президент кеңесшісі институттың оқу-материалдарымен танысты. Кездесудің маңызын атап өтсек, кездесу Қорғаныс министрлігінің , Қарулы күштердің беделін арттыруға үлес қосады деп ойлаймын», – деді С. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институының баспасөз қызметінің басшысы Тұрар Жұбатов.

Оқи отырыңыз:  Мәлік Отарбаев: Мемлекетке адал қызмет ету – бәрімізге ортақ міндет