Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды

30.12.2025 18:32

Биыл Президент 95 заңға, 388 жарлыққа және ондаған өзге де ресми құжатқа қол қойған

Almaty.tv

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Соның ішінде архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеуге қатысты заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл құжат аясында ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу нормасы қарастырылған. Сонымен қатар Президент «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» жаңа заңға қол қойды. Аталған құжат қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейтуге, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған. Осы заң шеңберінде «қоғамға қарсы мінез-құлық» ұғымы заңды түрде бекітілді.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды да мақұлдады.

Айта кетейік, биыл Президент 95 заңға, 388 жарлыққа және ондаған өзге де ресми құжатқа қол қойған.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі медициналық алғашқы көмек нысанының дайындығын тексерді