Мемлекет басшысы Санкт-Петербург қаласына барды

21.12.2025 16:50

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Президентті «Пулково» халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады. 

Оқи отырыңыз: Президент ЕАЭО отырысына қатысу үшін Санкт-Петербургке барады