Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Кран-Монтана тау-шаңғы курортындағы өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Швейцария Конфедерациясының Президенті Ги Пармеланға көңіл айтты", - делінген хабарламада.
Қазақстан Президенті жақындарынан айырылған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Сондай-ақ еліміз осы қиын-қыстау сәтте Швейцария халқын қолдайтынын жеткізді.
Айта кетейік, Жаңа жыл қарсаңында Швейцарияның Вале кантонындағы шаңғы курортында орналасқан барда қайғылы оқиға болды. Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, өрттен шамамен 40 адам қаза тауып, тағы 100-ге жуық адам жарақат алған. Алдын ала болжам бойынша өрттің кездейсоқ шыққаны айтылды.
Оқи отырыңыз: 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп аталады — Мемлекет басшысы