Мемлекет басшысы Түркістан қаласына барды

15.05.2026 12:33

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Мемлекет басшысы Түркістан қаласына барды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.

Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.

Оқи отырыңыз: Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға келді