Мемлекет МӘМС-ке төлейтін жарна көлемін ұлғайтады

06.08.2025 14:58

Жарна мөлшері биылғы 2%-дан 2037 жылға қарай 4,7%-ға дейін артуы мүмкін

Аlmaty.tv

2027 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет тарапынан түсетін жарналардың мөлшері біртіндеп артады, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесін жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Біз 2015 жылы қабылданған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының алғашқы редакциясында белгіленген бастапқы қаржылық моделіне ішінара ораламыз. Сол кезде мемлекеттің жарналары 7% деңгейінде бекітілген еді. Қазір ол тек 2% ғана», — деп атап өтті Шоманова.

Оның айтуынша, бұл жұмысшылар мен жұмыс берушілердің төлейтін жарна көлемін ұлғайтпай, медициналық көмек жүйесінің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің қаржыландыру үлесінің кезең-кезеңімен өсуінің нәтижесінде, жарна мөлшері биылғы 2%-дан 2037 жылға қарай 4,7%-ға дейін артады. Бұл жүйеге қосымша 2,8 триллион теңге қаржы тартуға мүмкіндік бермек. Ал ол өз кезегінде халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға зор үлес қосады.

Оқи отырыңыз: Жас қыздың өлімі: Атыраудағы жантүршігерлік қылмыстың себебі айтылдыhttps://almaty.tv/kz/news/obschestvo/zhas-kyzdyn-olimi-atyraudagy-zhanturshigerlik-kylmystyn-sebebi-aityldy