Мәжіліс спикері еліміздің болашағына қатысты үлкен шешім қабылданып жатқанын айтты
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжіліс Төрағасы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ғимаратында орналасқан №163 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Бүгін – біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды күн. Еліміздің болашағына қатысты үлкен шешім қабылдануда. Ең бастысы, бұл шешімді халық қабылдап жатыр. Бұған дейін біз Конституциялық реформа қабылдадық. Оның басты мақсаты – әр адамның мемлекеттің саяси өміріне еркін қатысуын қамтамасыз ету. Бүгін біз соның нақты іске асқанын көріп отырмыз. Барлық аймақтағы азаматтарымыз өз даусын беріп жатыр. Өңірлерден келіп жатқан ақпараттарға қарағанда, белсенділік өте жоғары. Халық мемлекетіміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын», – деді журналистердің сұрағына жауап берген Ерлан Қошанов.
Оқи отырыңыз: Президенті әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай референдумда дауыс берді