Мемлекеттен үй алып беремін: елді алдаған шымкенттік тұрғын ұсталды

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент тұрғыны «мемлекеттен үй алып беремін» деп танысын алдаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 4 млн 200 мың теңгені қалтасына басып, ізін суытыпты. Ең таңқаларлығы – күдіктінің ешқандай мемлекеттік қызметте болмағаны анықталып отыр. Соған қарамастан, ол өзін жауапты тұлға ретінде көрсетіп, алаяқтық жасаған көрінеді. Бүгінде бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

«Мемлекет тарапынан берілетін пәтердің бәрі цифрландырылған. Кезекке тұрады. Оны жасыру, жабу, немесе орнынан жылжыту мүмкін емес. Арнайы категорияларға ғана беріледі. Сөйте тұра біздің халқымыз осындай алаяқтардың арбауына ілігіп, алданып қалып жатады. Мұқият болу керек», – деді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Оқи отырыңыз: Алматыда қаржы пирамидаларымен күрес күшейді

Новости партнеров