Грант конкурсының қорытындысы 10 тамызға дейін жарияланады
2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты конкурсының қорытындысы 10 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан талапкерлер мен олардың ата-аналары грант иегерлерінің тізімін ресми ақпарат көздері арқылы біле алады.
Грант конкурсының қорытындысын мына ресми ақпарат көздерінен көруге болады:
– ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ресми парақшалары;
– ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты;
– министрліктің Telegram, Facebook және Instagram желілеріндегі ресми парақшалары.
Айта кетейік, кейінгі бес жылда білім гранттарының саны шамамен 30 мыңға артты.
Оқи отырыңыз: Алматыда тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру жұмыстары жалғасуда