Мемлекеттік органдардың қызметінде заңнаманың бұзылуын алдын алу – ол профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, сонымен қатар семинар-тренингтер өткізу
Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелерін ұйымдастыруда орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің және олардың ведомствосының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.
Мемлекеттік органдардың қызметінде заңнаманың бұзылуын алдын алу – ол профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, сонымен қатар семинар-тренингтер өткізу.
Бұл ретте, департамент басшысы Шынарай Әлімханқызы Алматы қаласы әкім аппаратының әдеп жөніңдегі уәкілі М. Ахетовпен бірлесе отырып қалалық білім басқармасы құрамымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстағы этикалық нормасы қоғам тарапынан сенім қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығы туралы түсіндірілді.
Азаматтарға құрметпен және сыпайылықпен қарау, сондай-ақ ашықтық пен әділдік қағидаттарына ерекше назар аударылды.
Азаматтардың құқығын құрметтеу, құпиялылық және бейтараптық сияқты нормалар мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары стандарттарын қалыптастыруға көмектеседі.
Іс-шара барысында талқыланған маңызды мәселелердің бірі – жұмыс режимін сақтау болды. Мәселелерді мерзімінде және лауазымдық міндетті бұлжытпай орындау маңызды рөл атқарады.
Кешігу немесе себепсіз үзілістер сияқты бұзушылықтар мемлекеттік органдарға деген халық сеніміне кері әсерін тигізеді. Агенттік қызметкерлерге тәртіпті қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салумен қатар, кәсіби жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Бұдан бөлек мемлекеттік қызметкерлер арасында лудоманияның алдын алу, құмар ойынға тәуелділік жеке өмірге зиян тигізіп қана қоймай, қызмет бабын асыра пайдалануға да алып келуі мүмкіндігі айтылып, зағнамада қандай шектеулер бар екендігі толық түсіндірілді.
Департаментпен мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының бұзушылқтардың алдын алу мәселесі бойынша толық түсіндіру жүргізілді.
Сонымен қатар Шынарай Әлімханқызымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын мәселелер бойынша толық ақпарат ұсынылды.
Алматы қаласы білім басқармасы қызметкерлерімен қойылған сұраққа толық жауап берілді.
Мемлекеттік қызмет заңнамасы талаптарынаның бұзылуының алдын алу сұрақтары бойынша түсіндіру жұмысы жалғасатын болады.