Мемлекеттік ту қалай шығарылады

Өндірістің әрбір кезеңінде сапа бақылауы жүргізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік туды басып шығару ісі мол жауапкершілікті қажет етеді. Республика күні қарсаңында елдің егемендігін бейнелейтін атрибуттарды өндіретін кәсіпорын өз жұмысын таныстырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

10 жылдан бері озық технологиямен жұмыс істейтін компанияда суреттерді матаға түсіру үшін сублимациялық басып шығару әдісі мен экологиялық таза сиялар қолданылады. Осылайша, оның қанық түсі мен өрнектің айқындығы ұзақ уақыт сақталады.

Көк байрақтың белгіленген стандарттарға сай болуын қамтамасыз ету үшін өндірістің әрбір кезеңінде сапа бақылауы жүргізіледі.  

«Ту – мемлекеттің егемендігі мен болмысын танытатын басты рәміздерінің бірі. Біздің компания жалауларды 2014 жылдан бері шығарады. Тұтынушыларымыздың басым бөлігі – мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындар», - деді кәсіпорын директоры Елизавета Дарбаева.

Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында 500 оқушы Әнұранды шырқады

Новости партнеров