"Мені өлтіргелі жатыр": Ақтөбеде сотталған диспетчерге шыққан үкім өзгерді

25.10.2024 16:52

ТЖД қызметкері көмек сұраған әйелдің қоңырауын елемеген

elements.envato.com

Ақтөбеде өзін әлдекімнің өлтіргелі жатқанын хабарлаған әйелдің қоңырауына жауап бермеген ТЖД қызметкеріне қатысты шығарылған сот үкімі өзгертілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аktobetimes.kz-ке сілтеме жасап.

Жантүршігерлік қылмыс 2024 жылдың 9 маусымында Ақтөбеде болған. 55 жастағы әйел көлігін сатып алмақ болған адаммен кездесу үшін шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Кейінірек тергеушілер анықтағандай, сатып алушы әйелдің мойнына көліктің қауіпсіздік белдігін іліп, буындырған. Сол сәтте "112" нөмірін теріп үлгерген әйел "Мені өлтіргелі жатыр!" деп айқайлап үлгерген. Алайда оның көмек сұрап жанұшырған дауысы сол күйі елеусіз қалған.

Бес күннен кейін полицейлер өлтірілген әйелдің денесін қала сыртынан тапқан. Сол уақытқа дейін оны полицейлер мен еріктілер іздеген. Көп ұзамай әйелді өлтірген күдікті қамауға алынды. Оның гаражынан ұрланған көлік те табылды.

Көмек сұраған әйелдің қоңырауын елемеген ТЖД қызметкері қызметіне салғырттық танытты деп айыпталып, қыркүйек айында сот оны 2 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сондай-ақ үш жылға мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды.

Алайда белгілі болғандай, күні кеше облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, үкімнің өзгертілгені және жазаның жұмсартылғаны белгілі болды.

"21 қазандағы апелляциялық үкіммен №2 соттың үкімі өзгертіліп, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында трактор мен жеңіл көлік соқтығысты