Мерекелік кеш: қала тұрғындары мен қонақтары Астана алаңына жиналды

31.12.2025 17:30
Almaty.tv

Мерекелік кеш: Қала тұрғындары мен қонақтары Астана алаңына жиналды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтары мегаполистің басты жаңа жылдық шоуы өтетін Астана алаңына жиналуда. Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының мерекелік концертіне дайындық жұмыстары толық аяқталуға жақын. Қонақтар арасында шетелдік туристер де бар.

Көрермендер көңілді музыка мен танымал әндерден бөлек, жарық шоуын, фейерверктер мен жаңа жылдық салютті тамашалауды күтуде.
"Алаңға келген сәттен бастап мерекелік көңіл-күй сезіледі. Концерт бұл сезімді одан әрі күшейтетіні сөзсіз, ал балалар үшін жарқын жарықтар мен әдемі шырша, аяз ата мен ақшақар ерекше қуаныш сыйлайды. Келе жатқан Жаңа жылмен барша алматылықтарды құттықтаймын, бақыт пен амандық тілеймін", – дейді Рахат Мырзахметова. 

Кеш барысында жарық шоуы көрсетіліп, салтанатты салют атылады. Мерекелік концерт 1 қаңтар күні сағат 00:30-да аяқталады.