Метрология саласындағы жетістік: қазақстандық ғалым құрылғы ойлап тапты

21.05.2025 15:13

Қырау мен шық температурасының бірліктерін жаңартуға болады

Қазақстандық ғалым метрология саласында бұған дейін болмаған жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Асылбек Жұмағали ойлап тапқан құрылғы қырау мен шық температурасының бірліктерін жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл – ауа ылғалдылығын өлшеудегі аса маңызды қадам. 27 жастағы ғалымның сөзінше, бастама шетелдік зерттеу орталықтарына тәуелді болмай-ақ өлшем бірліктерді ел ішінде жаңғыртуға зор септігін тигізеді.

Айта кетейік, жаңа жабдық патенттелді. 

«Бұл –  метрология саласына өте маңызды. Өйткені жоғары дәлдік эталондары тек осы жұмыс жасап жатқан метрологиялық институттарда болады. Сонымен қатар өлшеу дәлдікті қамтамасыз ету үшін жаңағы коллибровкадан өтуі қажет. Ал оны барлығы жасай алмайды. Эталондық құрал осындай дәлдікті қамтамасыз етеді», – деді  «Қазстандарт» РМК қызметкері Асылбек Жұмағали.

Оқи отырыңыз: Алматыда 19-25 мамыр аралығында ауа райы қандай болады