Биыл 19 наурызда қаржы нарығын, оның ішінде микроқаржы секторын одан әрі дамытуға және реттеуге бағытталған заң күшіне енді
2027 жылдың 1 мамырына дейін микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) қарызын төлей алмай жүрген адамдардың берешегін коллекторларға сата алмайды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіг түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл 19 наурызда қаржы нарығын, оның ішінде микроқаржы секторын одан әрі дамытуға және реттеуге бағытталған заң күшіне енді. Негізгі жаңалықтардың бірі – тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу арқылы микроқаржы ұйымдарын тәуекелге бағдарланған қадағалауды күшейту.
Азаматтардың құқығын қорғауды күшейту мақсатында лицензиясынан айырылған микроқаржы ұйымдары, сондай-ақ олардың құқықтық мирасқорлары бұдан былай қарыз алушылармен жұмыс істегенде микроқаржы қызметі туралы заңнамада қойылатын талапты сақтауға міндетті.
Ұйымдар азаматтардың тұтынушылық микрокредиті бойынша берешекті өндіріп алу, сондай-ақ ұйымның осындай берешегі бойынша талап ету құқықтарын лицензиядан айырылғаннан кейін 24 ай ішінде ғана басқаға бере алады. Талап ету құқығы берілуі мүмкін адамдардың тізімі де шектелген.
2026 жылдың 1 шілдесінен бастап бұл жаңа талаптар негізінен қарызға алынған ақшамен жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдарына қолданылады. Ал 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол барлық басқа микроқаржы ұйымдарына да енгізіледі.
Оқи отырыңыз: Несиені рәсімдер алдында нені білу керек