Миллионер әже: Түркістан облысында еріктілер ескі үйдің шатырынан ақша тауып алды

14.10.2026 14:36

Сақшылар ақшаны санап, жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асатынын анықтаған

Түркістан облысында миллионер әже тұрады. Жалғызбасты зейнеткердің баспанасын жөндеп бермек болған еріктілер ескі үйдің шатырынан дорба толы ақша тауып алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еріктілер шаң басқан байлық туралы полицияға хабар беріпті. Сақшылар ақшаны санап, жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асатынын анықтаған. Зейнеткер болса, қыруар ақшаны жылдар бойы жинаған.

Ал ауыл тұрғындарының айтуынша, кейуананың есі кіресілі-шығасылы. Сондықтан қолындағы ақшаны қайда қойғанын ұмытып кетуі де мүмкін. 

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тексеру барысында 5 млн теңгеден астам ақша бар бірнеше пакет тапты. Үй иесінің айтуынша, ол бұл қаражатты жылдар бойы жинаған. Қажетті шаралар өткізіліп, барлық мән-жай анықталғаннан кейін, ақша заңды иесіне қайтарылады", - деді Қазығұрт ауданы Полиция басқармасының тергеушісі Сағадат Бұхаров.

Оқи отырыңыз: Салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Толық көрсету