Министр ана өлімін азайту жөнінде нақты тапсырмалар берді

25.11.2025 21:01

Босандыру ұйымдарында медициналық көмекті жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін ведомство алқасының отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ана өлімін тұрақтандыру мен төмендетуді денсаулық сақтауды дамытудың абсолютті басымдығы деп белгіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанда ана өлімі тарихи төмен мәндерде қалып отыр. Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 100 мың тірі туғандарға шаққанда 10,3-ті құрады, бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырылады.

Босандыру ұйымдарында медициналық көмекті жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде, сондай-ақ жүкті әйелдерді бақылауды күшейту үшін әйелдер консультацияларының қызметі қайта жанданды. Әйелдерді прегравидалық даярлықпен қамту жоспардан асып, республика бойынша 46,1 пайыз құрады.

Денсаулық сақтау министрі көмек сапасын одан әрі арттыру үшін келесі тапсырмаларды берді:

  • Өңірлік басқармалар — жүкті әйелдерді бағдарлау және емдеуге жатқызу бойынша НҚА-ны өзектендірсін, сондай-ақ босандыру және балалар бойынша жауапты орынбасарлар лауазымдарын толық жинақтасын;
  • 2026 жылғы 1 ақпанға дейін жүкті әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін ұсынсын және республикалық орталықтардың жұмысын бағалауды жүргізсін;
  • Ғылыми орталықтар мен медициналық жоғары оқу орындарының басшыларына өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп, әсіресе ауылдық жерлерде босандыру қызметі мамандарының практикалық дағдыларын арттыру бойынша кешенді шаралар әзірлеу тапсырылды.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы әрбір болашақ ана мемлекеттің сенімді қорғауында болуы үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Оқи отырыңыз: Тіс емдетуге барып, көз жұмған: Астанада Зере Есентайдың ісіне қатысты тың деректер айтылды