Жоба аясында тәулігіне 10 мыңнан астам адамды қабылдай алатын 60 шақырымдық тау-шаңғы трасссы салынады
«Almaty SuperSki қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді». Мұны Үкіметте Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv
Оның сөзінше, ғалымдар мен экологтар жан-жақты зерттеу жүргізіп, осындай қорытындыға келген. Жоба аясында тәулігіне 10 мыңнан астам адамды қабылдай алатын 60 шақырымдық тау-шаңғы трассаларын, заман талабына сай 11 аспалы жол және қажетті инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланып отыр. Өз кезегінде, Премьер-министр Алматы маңында салынып жатқан ірі тау-шаңғы курорты және туристік кластерді уақытылы жүзеге асыруды тапсырды
«Министрлік ғалымдар және жетекші эколог мамандармен бірлесіп, жан-жақты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның нәтижесінде жоба қоршаған ортаға теріс әсерін тигізбейтіндігі анықталды. Бұл ретте министрлік жобаны қолдайды және оны іске асыру барысында экологиялық қалыптардың сақталуы бойынша сүйемелдеу жұмыстарын жалғастырады», – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Оқи отырыңыз: Ішкі нарықты қорғау: Қазақстан ағаш материалдарының экспортына салынған тыйымды ұзартты