Модельдік агенттіктің атын жамылған: Шымкентте жас қыздарды алдап, ақша жасаған топ ұсталды

Қылмыстық топтың ақша айналымы 3 миллиард теңгеден асқаны анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте модельдік агенттіктің атын жамылып, интимдік материал жасаумен айналысқандар ұсталды. Күдіктілер 18 бен 25 жас аралығындағы қыздарды алдап шақырып, анайы фотоға түсуге көндірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аталған дерек бойынша полиция еліміздің бірнеше қаласында арнайы операция жүргізіп, 21 күдіктіні ұстады.

Тексеріс барысында олардың Қазақстан мен көрші ел азаматтары екені анықталған. Қылмыстық топ мүшелері Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды мен Ақтөбеде қолға түсті.

"Қылмыстық топтың ақша айналымы 3 миллиард теңгеден асқаны анықталды. Қылмыстық іс бойынша 21 адам күдікті деп танылған. Олардың мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін", - деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында ірі жол апаты болды: 18 көлік соқтығысқан

Новости партнеров