“Педагог мәртебесі туралы” заңның аясында мұғалімдердің айлығы көтерілді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімдердің айлығына қатысты мәселеге жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
“Педагог мәртебесі туралы” заңның аясында мұғалімдердің айлығы көтерілді. Бірақ қазір күн сайын, ай сайын, жыл сайын барлығы қымбаттап жатыр. Алдағы уақытта мұғалімдердің айлығын тағы көтеру жоспарда бар ма? – деп сұрады редакциямыз миннистрден Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Қаржыға қатысты мәселелердің бәрі үлкен ұзақ талқылауларды және ұзақ шешімді қажет ететіндігі және оған көптеген мемлекеттік мекеменің де келісім беру қажет екендігін атап өткім келеді. Министрліктің ниеті бұл бағытта түсінікті және біз мұғалімдердің жағында екенін жиі айтамыз. Мен ұстаз ретінде мұғалімнің еңбегін қалай бағаласаңыз да, ол өзіне сай келеді деп айтқым келеді. Өйткені таза, шынайы жұмыс істеп жатқан ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Әсіресе бүгінгі күндері, - деді Ғани Бейсембаев.
Министр біз бүгінгі таңда мұғалімдердің жалақысы екі есе көтерілгенін еске сал кетті.
Басқа мамандарға қарағанда ұстаздардың айлығы екі есе көтерілді. Сондықтан енді біз ұстаздар сапаны қалай көтереміз деп ойланып жатырмыз. Енді сапаны көтеріп көрсетуіміз керек. Сапаны жеткілікті деңгейге көтерген кезде, бұл (жалақыны көтеру – ред.) мәселеге оралуы қажет деп ойлаймын, - деп түсіндірді бас ұстаз кулуарда.
Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдердің жалақысы соңғы 5 жылда қалай өзгергені туралы ақпарат жариялаған болатын.
Жалақы өсімі:
Үстемеақы мөлшері:
"Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданғаннан кейін мұғалімдердің жалақысы олардың біліктілігіне, еңбек өтіліне және қосымша жүктемелеріне байланысты есептеледі.
2024 жылғы көрсеткіштер: