Мұғалімге қол жұмсағандардың да енді жазасы күшейеді

Taylor Flowe/ unsplash.com/
Taylor Flowe/ unsplash.com/

Соңғы кездері мұғалімдерге де шабуылдар жиілей бастады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде бұдан былай мұғалімдерге қол жұмсағандарға қолданылатын жаза күшейеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Айтуынша, елімізде дәрігерлерге ғана емес, мұғалімдерге де шабуыл жасау жағдайлары орын алған. 

Мәселе тек медициналық қызметкерлерде ғана емес, басқа салаларда жұмыс істейтін азаматтарға да шабуыл жасалынып жатады. Олар да қорғалуға тиіс деп есептейміз. Кеше Премьер-министр өткізген жиналыста тиісті тапсырмалар берілді. Соңғы кездері мұғалімдерге де шабуылдар жиілей бастады. Әрине, заңда мұғалімдердің қорғауы бар деп заңда жазылған. Бірақ кейде жауапкершіліктің деңгейі шабуыл жасалу деңгейіне сәйкес болмайды. Ол жағын да қарастырып жатырмыз. Депутаттармен бірге ақылдасып, (заңды – ред.) реттейміз, - деді Ермек Көшербаев. 

Оқи отырыңыз: Биыл Қазақстанда ЖОО-ға түсу үшін 93 мың грант бөлінеді

Новости партнеров