Жаңа ережелер 2026 жылғы қаңтарда қабылданады
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанда педагогтердің білімін бағалау рәсімі тоқтатылғаны туралы мәлімдемеден кейін туындаған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv. Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, бұл ретте мұғалімдердің құқықтары сақталады.
"Біріншіден, биыл аттестацияға қатысқан педагогтардың құқығы толық сақталады. Яғни, бүгінге дейін "ПББ" тестін тапсырған, портфолиосын жүктеген барлық педагогтар жалпы аттестация процесін толық аяқтайды", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Ал тест тапсырғанымен, портфолиосын жүктеп үлгермеген мұғалімдер үшін арнайы мүмкіндік беріледі. Бұл мұғалімдер портфолиосын жүктеп, аттестация рәсімін толығымен аяқтауы үшін берілетін уақыт арнайы хабарланады.
Сондай-ақ, биыл "ПББ" тестін тапсырып, шекті балын жинай алмаған, барлық тіркеуден қайта өтіп, сәуір айында тапсыруы тиіс болған ұстаздарға қаражаты толығымен қайтарылады. Оған қоса, қазіргі санаттары сақталады.
"Сіздер жаңа аттестация кезеңіне, яғни 2027 жылғы қаңтар айына дейін өз категорияларыңызды сақтайсыздар. Қаңтар айында жаңа ережелерді енгіземіз. Сол жаңа қағидаттармен бірге жаңа аттестация процесін бастайсыздар", – деп түсіндірді министр.
Оқи отырыңыз: Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинауға арналған акция өтеді