Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында баяндады
Қазақстанда педагогтер жүргізуге міндетті құжаттар тізімін 25-тен 5-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Министрдің айтуынша, педагогтердің кәсіби қызметіне қатысы жоқ жүктемені азайту және олардың қоғамдағы мәртебесін нығайту – өзекті мәселелердің бірі.
2020 жылы №130 бұйрықпен білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті 25 құжаттың тізімі бекітілген. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мұғалімдерді артық есептіліктен арылту мақсатында бұл тізімді бес құжатқа дейін қысқарту жоспарланып отыр.
Олар:
Тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілетін болады.
Оқи отырыңыз: Президент мұғалімдерге артық жүктемені азайтуды тапсырды