Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

08.04.2026 18:20

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов денсаулығына байланысты емханада жатыр

 

Almaty.tv

Бұл туралы әлеуметтік желіде Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Халқымыздың Қаһарман ақыны, әрі жазушысы, ұлт үшін жанын аямай тер төккен азаматы Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ кем де, кем! Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Ендеше, көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық", - деп жазды ол.

Оқи отырыңыз: Биыл Отан қорғаушылар күніне орай әскери шеру өте ме