Мұнай өңдеу зауытындағы өрт: Қызылорда ауа сапасы тексерілді
Зауытта 120 тонна мұнай сақталған екі резервуар жанған
Қызылорда облыстық экология департаментінің мамандары 7 қыркүйек күнгі өрттен кейін Қызылорда қаласындағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытының аумағында бақылау жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Kyzylorda refinery» аумағында жалпы көлемі 120 тонна мұнай сақталған екі резервуар жанған.
"Зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары кәсіпорынның санитариялық қорғау аймағында атмосфералық ауадан сынамалар алды. Желдің болмауына байланысты түтін шлейфі негізінен тік бағытта таралып, бұл ластаушы заттардың атмосфераның жоғарғы қабаттарында сейілуіне ықпал етті. Жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша атмосфералық ауаның белгіленген сапа нормативтерінен асып кету фактілері анықталған жоқ", — делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытынан өрт шықты