Мерекелік атмосфера мен жанды әуен топтың мыңдаған жанкүйерін біріктірді
Алматыда аңызға айналған Backstreet Boys тобының концерті өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мерекелік атмосфера мен жанды әуен топтың мыңдаған жанкүйерін біріктірді.
Көрермендердің арасында жас алматылықтар – ҚазҰАУ студенті Иван Гоптаренко және болашақ зергер Полина Кныш бар. Олар үшін Backstreet Boys шығармашылығының орны ерекше, топтың әндері жастардың қарым-қатынасына алғашқы күннен-ақ серік болған.
Иван мен Полина үшін бұл концерт жай музыкалық шара емес, өміріндегі маңызды белеске айналды. Музыка шекарада болмайды, ол ұрпақтарды біріктіріп, шабыт сыйлайды және жүректерді табыстыратынын тағы да дәлелдеді.
Оқи отырыңыз: Backstreet Boys Алматыда: көрермендерді қандай тосын сый күтіп тұр