Полиция қазақстандықтарға ескерту жасады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Құқық қорғау органдары азаматтарды заңнаманы сақтауға және цифрлық кеңістікте жауапкершілікпен әрекет етуге шақырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі істер министрлігі ата-аналардың назарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабында көзделген терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар таратуға жол берілмейтіндігіне аударады, деп хабарлайды Almaty.tv Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Байланыс құралдарын, интернет-ресурстарды, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, жарылыстар, өрт қою немесе қоғамдық қауіпсіздікке басқа да қауіп төндіру туралы жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Мұндай әрекеттер қандай ниетпен (әзіл, ермек немесе жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті) жасалғанына қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырылады.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіреді, жаппай эвакуациялауға, мемлекеттік органдардың, білім беру, медициналық және басқа да әлеуметтік нысандардың жұмысын бұзуға алып келеді, сондай-ақ шұғыл қызметтердің айтарлықтай күштері мен құралдарын алаңдатады.

Ведомство бұл қылмысты жасағаны үшін заңнамада бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылғанын еске салады. Мұндай хабарламалардың барлығы міндетті түрде тексеріледі, ал оларды таратуға қатысы бар адамдар, оның ішінде заманауи цифрлық және техникалық құралдарды қолдану арқылы анықталады.

Ұсыныстар:

  • тексерілмеген ақпаратты таратпау;

  • жалған қоңыраулар шалмау және жалған хабарламалар жібермеу (соның ішінде Интернет желісінде);

  • балаларға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар (әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде) үшін жауапкершілік қарастырылғанын түсіндіру;

  • қауіп төндіретін хабарламалар алған жағдайда дереу полицияға хабарлау.

ІІМ азаматтарды заңнаманы сақтауға және цифрлық кеңістікте жауапкершілікпен әрекет етуге шақырады.

Новости партнеров