Жол-көлік апаты 10 қарашада болған
Мысырда 40-тан астам турист мінген автобус аударылды. Туристердің арасында қазақстандықтар да бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Сairo24 басылымының жазуынша, жол-көлік апаты 10 қарашада Рас-Сидр қаласында болған.
"Анықталғандай, 31 турист ресейлік мен украиналықтар болған. Зардап шеккендердің арасында 3 қазақстандық, 3 әзербайдандық және төрт мысырлық турист бар, олар ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Жол апатының себептері айтылған жоқ.
Оқи отырыңыз: Пәкістанда вокзалда жарылыс болып, 24 адам қаза тапты